«100-ші мектептің 100 жүздесуі»

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында кәсіби бағдар күніне орай «100-ші мектептің 100 жүздесуі» жобасы өтті!

Мектеп оқушылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астана Жастар театрының негізін қалаушысы әрі актері Әділ Ахмет пен актер, әнші, композитор, ҚР «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаевпен ерекше жүздесу өткізді.

Қонақтарымыз өздерінің шығармашылық жолы, актерлік шеберліктің сырлары және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу ойын түрінде қызықты айдарлармен жалғасып, оқушылар үшін ұмытылмас әсер қалдырды.