Оқу

Мектеп қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу бағдарламасы – мұғалімнің белгілі бір пәнді оқытудың әдістемесін, ғылыми маңыздылығы мен рухани бағыт-бағдарын, теориялық құндылығын анықтап, белгілейтін басты құжаты.

9–11 сыныптарды аяқтағаннан кейін қорытынды аттестаттау білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бастауыш сыныптарда «Логика әлемі», «Қызықты қазақ тілі» пәндері оқытылады. Бұл бастауыш буынға (1–4 сыныптар) арналған. Орта буын оқушылары (5–8 сыныптар) үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті», Алгебра, Физика, Химия секілді таңдау пәндері қарастырылған. Ал жоғары буын оқушылары (10 сыныптар) «Алгебралық теңдеулер» пәнін оқиды.