Мектеп қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу бағдарламасы – мұғалімнің белгілі бір пәнді оқытудың әдістемесін, ғылыми маңыздылығы мен рухани бағыт-бағдарын, теориялық құндылығын анықтап, белгілейтін басты құжаты.
Оқу бағдарламасының ерекшеліктері:
- Бастауыш буын (1-4 сыныптар): «Логика әлемі», «Қызықты қазақ тілі»
- Орта буын (5-8 сыныптар): «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Алгебра», «Физика», «Химия» таңдау пәндері
- Жоғары буын (10 сынып): «Алгебралық теңдеулер»
9-11 сыныптарды аяқтағаннан кейін білім алушылардың үлгерімі ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау арқылы бекітілген үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізіледі.