Мектеп туралы

Мектеп туралы

Астана қаласы әкімдігінің №100 орта мектеп 2000 орындық
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Samruk-Kazyna
Construction» АҚ жеке инвестициялар есебінен салынған құрылыс
кешенінің 2024 жылдың желтоқсан айының соңында құрылыс
монтаж жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Мектеп
алаңы – 20,6 мың шаршы метр, 4 қабатты.
Мектепте 1 жеделсаты бар. Барлық 130 оқу кабинеттері қажетті
компьютерлік жабдықтармен жабдықталған, 360 орындық асхана,
432 орындық акт залы, 4 спорт залы, жаңа модификациялық үлгідегі
6 информатика, 2 химия, 2 физика, 2 биология, 4 технология
кабинеті, музыкалық аспаптар кабинеті, буфет, кітапхана, 1 кітап
қоймасы бар, сондай-ақ мектепте робототехника, STEM,
мобилография, жүргізуді виртуалды оқытуға арналған арнайы
жабдықталған кабинеттер бар.
Әр бала – жарық жұлдыз. Оның ішінде үлкен әлеует пен
мүмкіндіктер бар. Егер оған сенім артып, қолдау көрсетсек, ол өз
жолын тауып, жарқырай түседі. Балаға берілген білім, махаббат пен
тәрбие – оның жарығын сөндірмей, одан әрі жарқырауына себепші
болады. Әр бала ерекше, және әрқайсысы өз әлемінде шынайы
жарық шашуға лайық.
Оқу кабинеттері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға
сәйкес мектеп жиһаздарымен толықтырылған.

«Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім» жобасы аясында «100
media» мобилография үйірмесін, мобильді робототехника студиясы
жұмыстары ұйымдастырылуда. Кәсіби бағдар жұмысы ерте жастан
балаларды мамандыққа баулу қолға алынады. Қаржылық
сауаттылық бойынша да білім-білік дағдыларын дамытуға үлес
қосамыз. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру барысында
ұлттық құндылықтарды дәріптеуде мектебімізде «Дәстүр мен
ғұрып» жобасы бойынша тәрбие мектептері: «Әже» мектебі, «Ана»
мектебі, «Әке» мектебі жоспарланып отыр. Ел бірегейлігін
нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті, білімді, адал ұрпақ
тәрбиелеу басты мақсатында оқушылар үшін «Волейбол»,
«Баскетбол», «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Бес тас», «Асық ату», би
үйірмесі, хор үйірмесі, домбыра үйірмесі, дебат клубтарын іске
қосамыз.

Мектеп туралы

2020-2025 жж арналған ББҰ ның мектеп кітапханаларын дамытудың Жол
картасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бағытында
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» кітап
сыйлау акциясы, «BookCrossing» бұрышын ұйымдастыру, «Әжемнің
ертегісі» бастауыш сынып оқушыларына арналған жоба, «Оқуға құштар
отбасы» ReadX, «Әдеби эстафета», «TedX» тәжірибе алаңы, «ТОП 3 кітап»
(talk лайк), «Әділет» пікірталас алаңы, «Шабыт» театры, «Музей күні»
жобасы, Фильм сағаты» kinotaim, квест- экскурсия сағаттары жұмыстарын
бастайды.
Мектепте оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін жағдайлар
жасалып жатыр.

16 сынып-жиынтықтар. Олардың ішінде:

  • Қазақ тілінде оқытатын 13 сынып (263 бала)
  • Орыс тілінде оқытатын 3 сынып (63 бала).
  • Бастауыш сыныптарда барлығы – 326 оқушы білім алуда.
  • Орта сыныптарда 5-8 сыныптар:

14 сынып-жиынтық (196) оның ішінде:

  • Қазақ тілінде оқытатын 8 сынып (180),
  • Орыс тілінде оқытатын 4 сынып (80).

Жоғары сыныпта 10 сыныптар :

  • Қазақ тілінде оқытатын 2 сынып (35)
  • Барлығы: сынып-жиынтықтар — 32, 25 қазақ сыныбы, 7 орыс сыныбы,
    жалпы оқушылар саны – 621.
Мектеп туралы

Мұғалімдердің сапалық құрамы:

  • Оқу жылының басында мектепте жалпы педагог саны – 56,
  • Қоса атқарушы педагог саны – 7.
  • Педагог-шебер – 1,
  • Педагог-зерттеуші – 10,
  • Педагог-сарапшы – 11,
  • Педагог-модератор – 14.

Мектепке кіре берісте турникеттер орнатылған, олар арқылы өту бет
детерминанты (FaseID) арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін мектеп
оқушылары мен қызметкерлерінің деректер базасы құрылады. Алдын
ала жұмыстар басталды. Мектеп жоғары технологиялық
жабдықтармен жабдықталған, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша
білікті мамандардың болуы қажет.

Мектеп туралы