«JaStar» ұйымының оқушылары түрлі іс-шараларға белсене араласып, ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуде. Олардың бастамасымен оқушылардың мектеп өміріне белсенді араласуы, өз ойларын еркін білдіруі, жауапкершілік пен ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдіруі қамтамасыз етіледі.
Өзін-өзі басқару жүйесінде шешім қабылдауға икемді, тәртіпті, белсенді өмірлік ұстанымы бар, өз ортасында сыйлы әрі бастамашыл оқушылар бірнеше жобалар жүзеге асырып, мектеп өміріне жаңаша серпін беруде.