Әр кабинет заманауи құрылғылармен, интерактивті тақталармен, LED-экрандармен жабдықталған. Оқушылардың арнайы жабдықталған физика, химия, биология, робототехника, көркем еңбек және өнер шеберханасында дайындалуға мүмкіндіктері бар.
Заманауи үлгіде жасақталған мектеп кітапханасының кітап қоры:
- Көркем әдебиет – 1770 дана
- Шетел әдебиеті – 86 дана
Сонымен қатар, «Робототехника», «STEM» кабинеттері, «AQ» дыбыс жазу студиясы, «Хореография» мен медиа кабинеттері, инклюзив балаларға арналған сенсорлық кабинеттер бар.