«Білім жобасы» мақсаты:
Оқушылардың білім сапасын арттыру және жан-жақты дамуына ықпал ету
Заманауи білім беру әдістерін енгізу арқылы оқу үдерісін жетілдіру
Оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту
Инновациялық технологиялар мен білім беру ресурстарын тиімді пайдалану
Пәндік, ғылыми және зияткерлік жобалар арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру
Білім алушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік жасау
«100 жүздесу» жобасының мақсаты
Әртүрлі салалардағы танымал және табысты тұлғалармен кездесулер ұйымдастырып, жастарға мотивация беру, өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және кәсіби бағыт-бағдар көрсету
Жастардың білімін кеңейтуге, олардың тұлғалық дамуына және мансаптық өсуіне ықпал ету
Спикерлер өздерінің жетістік жолы, кездескен қиындықтары және оларды қалай жеңгені туралы әңгімелейді
Тәжірибе алмасу алаңы ретінде қызмет атқарып, қатысушылардың жаңа идеялар мен көзқарастар қалыптастыруына мүмкіндік беред
«Әділет» дебат клубының мақсаты:
Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту
Қоғамдық мәселелерді талқылау арқылы пікірталас мәдениетін қалыптастыру
Өз ойларын дәлелді түрде жеткізу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіру
Логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін нығайту
«Робототехника» үйірмесінің мақсаты мен өзектілігі мақсаты:
Оқушылардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Робототехника негіздерін меңгерту арқылы инженерлік ойлау дағдыларын қалыптастыру
Жасанды интеллект, бағдарламалау және мехатроника салаларына қызығушылық ояту
STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) бағытында білім беруді жетілдіру
Командалық жұмыс дағдыларын дамыту және жобалық оқыту әдістерін қолдану