Астана қаласындағы №100 «Келешек» мектебі 2025 жылғы 17–21 қараша аралығында өткен XVIII Президенттік олимпиаданың бірінші турын өз базасында қабылдады.

Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша
еліміздің үздік 11–12 сынып оқушылары
олимпиадада білімдерін сынады.
Оған еліміздің әр өңірінен 200-ден астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты — талантты және қабілетті
оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық
дамуына және кәсіби бағдарлануына қолдау көрсету еді.
Іс-шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға,
теориялық білімдерін тереңдетуге және
практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.

Біздің мектепте өткен бірінші тур сәтті ұйымдастырылды.
Қатысушыларға барлық жағдай жасалып,
жарыс жоғары деңгейде өтті.
Қазылар алқасында халықаралық олимпиадалар
жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ
еліміздің және шетелдік университеттердің студенттері мен
PhD докторлары болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту
министрлігінің дипломдары, медальдары және бағалы
сыйлықтарымен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Олимпиадаға келген оқушылар Астанаға орналастырылып,
біздің мектепте 09:00-де басталған бірінші турды
сәтті аяқтады. Турдың барысы daryn.kz сайтында
онлайн көрсетілді.

Страница