«8 минуттық оқу» жобасы – оқуға құштар ұрпақ қалыптастыру жолы!

100 орта мектепте оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «8 минуттық оқу» жобасы сәтті жүзеге асырылуда.

Жобаның басты мақсаты — күн сайынғы тұрақты оқу арқылы оқушылардың сөздік қорын байытып, ойлау қабілеті мен шығармашылық деңгейін дамыту.

🔹 Әр күн 8 минут кітап оқумен басталады.
🔹 Оқушылар сүйікті кітаптарымен ой бөлісіп, талдау жасайды.
🔹 Мұғалімдер мен ата-аналар да оқу процесіне белсене қатысады.