Өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Қайырлы таң” жобасы аясында “Сәлемдесу — ізгіліктің белгісі” атты трендтік акция ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты — мектеп оқушылары арасында сәлемдесу мәдениетін қалыптастыру, бір-біріне ілтипат пен жылы қарым-қатынас танытуға тәрбиелеу, сондай-ақ мектепте жайлы психологиялық орта құру.
Акция барысында оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлап, сәлемдесудің әдептілік пен сыйластықтың бастауы екенін көрсетті.