Астана қаласы әкімдігінің №100 орта мектебіндегі қуанышты жаңалық!
Мектебімізде Zerdeli education оқу орталығымен бірлесе ұйымдастырылған математика және ағылшын тілінен (2-10 сыныптарда) мектепішілік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Нәтижесінде үздіктер келесідей марапаттарға ие болды:
🥇 1-орын— Zerdeli education орталығында білім алуға 50% жеңілдік сертификаты
🥈 2-орын— 40% жеңілдік сертификаты
🥉 3-орын— 20% жеңілдік сертификаты және арнайы сыйлықтар
Бұл марапаттар оқушыларға үлкен шабыт беріп, білімге деген құлшыныстарын арттыра түсті.
Болашағымыз – білімді ұрпақтың қолында