Астана қаласы әкімдігінің «100 орта мектеп» КММ-нің ашылу салтанаты.
Бұл — елорданың білім беру кеңістігіндегі маңызды оқиға. Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар мен ұстаздар үшін жайлы, қауіпсіз және сапалы білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.
🔹 Ашылу салтанатына қала әкімдігі өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
🔹 Қонақтар мектептің инфрақұрылымымен танысып, шығармашылық және ғылыми бағыттағы жобаларды тамашалады.
🔹 Мектеп ұжымы оқыту сапасы мен тәрбиелік жұмыстарды жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.
Жаңа оқу ордасы — ұлт болашағы үшін жасалған тағы бір игі қадам!