Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы

Астана қаласы әкімдігінің «№100 жалпы білім беретін мектебі» КММ

2025-2026 оқу жылының  13-17 қазан аралығындағы өткен «Тіл мен әдебиет -ұлт келбеті»

атты апталықтың өтілуі жайлы

АНЫҚТАМА

Апталық 13-17 қазан  аралығында  қазақ тілі мен әдебиеті  пәні бойынша «Тіл мен әдебиет – ұлт келбеті » атты апталық өтті. Апталыққа арналған  іс- шаралардың жоспары құрылды  Аталған апталық аясында бекітілген жоспар бойынша   іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды.  Жиында сөз алған директордың оқу ісі бойынша орынбасары  ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Шараны пән мұғалімдері дайындаған оқушылардың   әдеби монтажы жалғастырды.

Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. 5- сыныптарда Рахманова Г.Р. , Панфилова Г.П   «Ана тілі-жүректің үні» атты зияткерлік сайысын ұйымдастырды.

Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі  Құдайберген Ж.С.   . 10 «В» сыныбында  «Қазақстанның  мәдени өмірі » тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім өзін құзырлы да, білікті маман ретінде көрсетті. Сабақтың барысы жүйелі әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Оқушылар сабақта өздерінің пәннен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Сыдихова З.А. 5  «Г» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы «Қасқыр мен тиін » Сабақта түрлі көрнекіліктерді пайдаланды. Сабақты жақсы жоспарлаған. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланды. ЖИ әдісін жақсы ұйымдастырды. Оқушылар осы ойынға белсенді қатысты.

Панфилова Г.П.  қазан күні 5 «Б» сыныбында «Отбасылық мерекелердің тәрбиелік мәні» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сабақта мұғалім аудиожазба, үлестірмелі материалдар пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады. Сабақ жоғары дәрежеде өтілді. ЖИ молынан қолданылды.

«Оқырмандар клубы» кітапханада 8-11-сынып оқушылары арасында  өтті . Оқушылар оқыған кітаптарымен бөлісті.Олардың кітапқа қызығушылығы жайлы сөз болды. Видеоролик көрсетіліп , кітаптарды оқығанда қандай  топтар кітабын оқу керектігі жайлы ақпарат алды.

10 «А» сыныбында пән мұғалімі Канафиева З.Р.  А. Құнанбайұлы «Ескендір” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім хикая картасы, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, жас ерекшелігіне байланысты оқыту модульдерін тиімді пайдаланды.  Жалпы сабақ өз дәрежесінде өтілді.

Қазақ тілі пәні мұғалімі Тайлақбаева Д.А.   «Ас — адамның арқауы» Фразеологизмдер» атты 7-сыныпта  ашық сабақ ұйымдастырып   жоғары деңгейде өткізілді. ЖИ құралдарын кеңінен қолданды. Оқушылар топпен, жұппен, жеке тапсырмаларды орындап белсенді қатысты.Фразеологизмдер бойынша сөздік қоры дамыды. Сонымен қатар  Капсалямова Ж. 4 «Г» сыныбында «Көмекші робот»  тақырыбында ашық сабақ өткізді .Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Робот көрсетіліп , оқушылардың қызығушылығын арттырды.ЖИ бойынша тапсырмалар қызықты болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Рахманова Г.Р.   «Асан қайғының жерге айтқан сыны» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта  мұғалім белсенді оқу тәсілдерін толық қолданды.Сабақ мақсаты шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтау болды, сабақ мақсатына жетті.Оқушылар белсенді болды. ЖИ платформаларын қолданды. Топқа бөлуде , бағалау, рефлексия жүргізуде тиімді қолданылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Айтыс өнері. Біржан- Сара  айтысы» тақырыбымен ашық сабағын өткізді.Сабақ мақсаты әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау және  композициялық амалдарды талдау. Тапсырмалар  сабақ мақсатына  жетуге байланысты болды. Оқушылар айтыс мазмұны мен композициялық  құрылымына,амалдарына талдау жасап үйренді. ЖИ бойынша «Біржан мен Сара айтысын»

Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл — татулық тірегі» атты тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті.Кешке “Балапан” телеарнасының шеф-редакторы, продюсері  қызметтерін атқарған.бүгінде Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі,ақын Мақпал Жұмабай шақырылды. Кеште сұқбат жасалып, оқушыларға өзінің қызметтік жетістіктері мен мақсатқа жету үшін қандай еңбектер атқарғаны жайлы ой бөлісті. Ақынмен ойын да өткізілді. Кеш соңында  мектебіміздің директоры М.Е.Ахметов ақын Мақпал Жұмабайға ризашылық танытып  «Алғыс хат» табыстады. Маңызды апталықта белсенділік танытқан сыныптарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды марапаттау рәсімін өткізді, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.   Мұғалімдер барлық іс-шараға белсене қатысты.

 

 

 

ӘБ жетекшісі: Рахманова Г.Р.

видеот отчет

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының жоспары

 

Страница