Астана қаласы әкімдігінің №100 жалпы орта білім беретін мектебінде “Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Астана қаласы әкімдігінің №100 жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында барлық сынып оқушыларының қатысуымен “1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға арнайы шақырылған акушер Гүлнарай Мырзақұлқызы мен психолог-дәрігер Бибігүл Бақтығалиевна қатысып, оқушыларға ЖИТС-тің алдын алу, денсаулықты сақтау, жеке гигиена және қауіпсіздік шаралары туралы маңызды мәліметтер берді.
Мамандар оқушылардың сауалдарына жауап беріп, түсіндіру материалдарын ұсынып, жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.