«Дене тәрбиесі және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңын, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын және 2022-2023 оқу жылына арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын іске асыру.
Ұлттық мектеп лигасы аясында тоғызқұмалақтан 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында 2 ұл және 2 қыздан құралған командалар қатысуда. Әр сынып бойынша қала мектептерінен 50-ден астам білім беру ұйымы қамтылған.
Жеңімпаз командалар “Өркен” БЖДТО дипломдарымен және кубокпен марапатталады. Жүлделі орын иеленген команда Республикалық Ұлттық Мектеп Лигасына жолдама алады.