«Ұлы Дала және 3D әлемі Digital Generation» IT лагерінің 1-аптасы сәтті аяқталды!
100 орта мектеп жанынан ұйымдастырылған жазғы IT лагерь өз жұмысын жоғары деңгейде бастап, алғашқы аптасын қызықты жобалармен, жаңашыл идеялармен және шығармашылық шабытпен қорытындылады.
🔹 Оқушылар 3D модельдеу, анимация, дизайн негіздерін үйренді.
🔹 Digital жобалар жасап, алғашқы цифрлық туындыларын қорғады.
🔹 «Ұлы Дала» ұғымын жаңа технологиямен ұштастырып, өз көзқарастарын танытты.