Мектепте «Адал азамат» бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» жобасы іске қосылды. Жоба шеңберінде 1–11-сынып оқушылары арасында қағаз (макулатура) жинау акциясы өтуде.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және қалдықтарды дұрыс сұрыптауға үйрету. Әр сыныпқа қағаз қабылдау үшін арнайы күн мен уақыт белгіленген. Тиісті кесте мектептің хабарландыруында және сынып жетекшілеріне жеткізілді.
Мектеп әкімшілігі барлық оқушылар мен педагогтарды акцияға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға шақырады.