Отан қорғаушылар күніне арналған алғыс
2025 жылдың 7 мамырында мектебімізде Отан қорғаушылар күніне орай ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Мектебіміздің ер азаматтарына — ұстаздар мен қызметкерлерге — ел алдындағы еңбектері мен жас ұрпаққа көрсеткен үлгілері үшін алғыс хаттар табысталып, марапаттар ұсынылды.
Бұл – олардың батылдық пен жауапкершілікке толы еңбектеріне деген шынайы құрметіміздің белгісі.
Құрметті ер азаматтар, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және отбасы амандығын тілейміз!