Астана қаласы әкімдігінің №100 жалпы орта білім беретін мектебінде “Жат қылықтан жирен!” тақырыбында тәрбиеге бағытталған жиналыс өтті.
Астана қаласы әкімдігінің №100 жалпы орта білім беретін мектебінде барлық сынып оқушыларының қатысуымен “Жат қылықтан жирен!” атты тәрбиеге бағытталған жиналыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларды жат қылықтардан, құқықбұзушылықтан, зиянды әдеттерден сақтандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жиналыс барысында оқушыларға жат қылықтардың салдары, қауіпсіз мінез-құлық нормалары, сондай-ақ қоғамда өз орнын дұрыс қалыптастыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар өз ойларын бөлісіп, тәрбиелік мәні бар сұрақтарға жауап алды.