Астана қаласы әкімдігінің №100 жалпы орта білім беретін мектебінде “Жол ережесін сақта!” тақырыбында түсіндіру жиналысы өтті.
Астана қаласы әкімдігінің №100 жалпы орта білім беретін мектебінде барлық сынып оқушылары арасында “Жол ережесін сақта!” атты түсіндіру жиналысы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Астана қаласы Полиция департаментінің мамандандырылған батальон патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы, аға лейтенант Найманов Рақымжан Әділбекұлы және қызмет аға инспекторы, полиция капитаны Құттыбаев Қайрат Күшерович арнайы шақырылды. Жол-патрульдік (МАИ) полиция қызметкерлері оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде ақпарат берді.
Кездесу барысында тақырыпқа сай бейнетаспа көрсетіліп, оқушылар жолдағы қауіпсіздік, жаяу жүргіншілер тәртібі, сондай-ақ мопед, велосипед және самокатты дұрыс пайдалану ережелері туралы кеңінен мәлімет алды.
Жиналыс соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімін арттыру және олардың күнделікті өмірде сақтық шараларын ұстануын қалыптастыру.